|
30.04.2024 | 17:52
1018

Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясының қорытындысы шықты

Акцияға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонағы қатыса алады

Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясының қорытындысы шықты Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Биыл 30 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық кампанияның аясында «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясы өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акция басталғалы 15 сәуірден 29 сәуірді қоса алғанда, алматылықтар екі тоннадан астам қайталама шикізат өткізіп, 1354 купон алды. Акция 2024 жылғы 8 мамырға дейін өтеді және қалдықтармен байланысты мәселелер мен оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.

Акцияға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін өз бетінше белгілі бір мөлшерде қайталама шикізат жинау ұсынылады.

Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады.

Қабылдау пункттері:

1. Алатау ауданы, Ecosen, Нұркент шағынауданы, 7/1;

2. Алмалы ауданы, Ecosen, Байзақов көшесі, 73/1;

3. Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, 8-ші шағынаудан, 58а;  

4. Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Аксай-3 ш/а, 1а/1;

5. Бостандық ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Тимирязев көшесі, 81/3, дүңгіршек;  

6. Бостандық ауданы, Ecosen, Розыбакиев көшесі, 247/3;

7. Медеу ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Самал-1 ш/а, 32-дүңгіршек;

8. Медеу ауданы, Hello Eco экотауарлар дүкені, Самал-2 ш/а, 56А үй;

9. Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі, 264а (Карина Trading);

10. Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 548/2;

11. Түрксіб ауданы, Жас Қанат ш/а, 1/28.

Әр материал үшін купонның бес түрі ұсынылады: пицца, бургер, кофе, донер және додстер купоны. Берілген әрбір купонның осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайлары бар өзінің бірегей промокоды болады.

Қатысушылар қайталама шикізатты келесі шарттармен купондарға:

• 2 кг макулатура (қағаз, картон) балмұздақ купонына;

• 1 кг пластикалық бөтелкелер (ПЭТ бөтелкелері) бургер купонына;

• 1 кг алюминий банкалар донер купонына;

• 3 кг мөлдір шыны (түссіз) бөтелкелер кофе купонына айырбастай алады.

Купондардың жарамды мерзімі – 2024 жылдың 8 мамырына дейін. Акцияның серіктестері - Salam Bro, Dodo pizza, Gippo, Degirmen, Zheka’s ice компаниялары.

Оқи отырыңыз: Оқушылар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қарт адамдарға көмек көрсетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир