Алматыда бақылау тобы Түрксіб ауданында 1200-дей нысанды тексерді

Алматыда бақылау тобы Түрксіб ауданында 1200-дей нысанды тексерді
Бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 30 адамнан артық жиналуға болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданында сенбі-жексенбі күндері дәмханалардың іші халыққа лық толған. Ал қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 30 адамнан артық жиналуға болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бірақ оған құлақ асқандар жоқ дейді тексеруге шыққан мониторинг тобы. Кейбір кафелердің жазғы алаңы болса, басқаларында ол да жоқ. Алайда жабық нысан ішінде де думандатып жүргендер көп болған. Мәселен, Ақан сері көшесі бойындағы дәмхананың екінші қабатында келушілер тығылып, көңіл көтеріп отырған жерінен әшкере болды.

Түрксіб ауданында арнайы топ бас-аяғы 1200-дей нысанды тексеріп шыққан. Оның 170-інде өрескел олқылықтар анықталыпты. Нәтижесінде, 400-ге жуық хаттама толтырылды. Бірақ салынған айыппұл да ереже сақтамайтындарды тоқтата алмай тұрған көрінеді.

«Білесіздер ғой, 30 адамнан артық қабылдауға болмайды. Оның өзінде олардың арасында әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Мен санап шықтым, сізден 35-тен аса келуші ас ішіп отыр. Бұл – заңды бұзу. Талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады»,– деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев.

Новости партнеров