|
27.06.2020 | 18:02
4100

Демалыс күндері Жетісу ауданындағы 16 базар жабылды: алматылықтарға үйде қалуға кеңес берілдi

27-28 маусымда Алматы қаласында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады

Демалыс күндері Жетісу ауданындағы 16 базар жабылды: алматылықтарға үйде қалуға кеңес берілдi иллюстрированное фото из открытых источников

Алматы қаласының Өңірлік коммникациялар қызметінің алағында өткен онлайн-брифинг барысында қаланың Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаев жаңадан енгізілген қосымша карантиндік шараларды түсіндірді.

Бұған дейін хабарланғандай, коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия 27-28 маусымда Алматы қаласында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Жетісу ауданында барлық ірі азық-түліктік және азық-түліктік емес сауда желiлерiнің, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтары, сауда үйлері, фитнес-орталықтар мен базарлардың қызметі тоқтатылды. Демалыс күндері Maxima сауда орталығы, 16 базар, 9 супермаркет және 14 сауда үйі жұмысын тоқтатады. Базарлар осы жылдың 29 маусымында өз қызметін жалғастыра алады (дүйсенбі күні).


Көше форматындағы ашық далада орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына  әлеуметтік қашықтықты сақтау  және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды арқылы рұқсат етіледі.


Екі күнге қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылды, одан кейін дезинфекциялық шаралар жүргізіледі. Қызметі тоқтатылған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық, дезинфекциялық және эпидемияға қарсы санитарлық іс-шаралар жүргізіледі.

«Біз 65 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ , тәуекел топтағы барлық адамдарға үйде болуды ұсынамыз. Адамдар жаппай көп жиналатын жерлерге, әсіресе жаяу жүргіншілерге арналған көшелерге, саябақтар мен алаңдарға барған кезде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау қажет. Жетісу ауданының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда карантин шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырды», – деді Бауыржан Бірбаев.

Бауыржан Бірбаев сонымен бірге, мониторингтік топтар кәсіпорындардың белгіленген ережелерді сақтауын қадағалайтынын жеткізді. Тәртіпбұзушылықтар үшін ескертулер мен әкімшілік айыппұлдар қарастырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир