Алматыда азық-түлік тауарларының бағасын айрықша бақылауда ұстау бойынша жұмыстар

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Қала азық-түлік нарығында жағдайды жақсарту үшін тұрақты түрде жаңа шешімдер іздестіруде.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі – өнімнің бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алматы қаласының әкімдігі аталған бағыт бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Қалада бағаны ұстап тұру бойынша негізгі қолданыстағы механизмі – «айналым сызбасы» бойынша жеңілдетілген қарыздар беру. Аталған механизм шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері өнімге қойылған шекті бағаларды бекіту ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) іске асыру бойынша өздеріне күрделі міндеттемелер алады, бұл ретте,қарыздар бойынша бөлінген ақшаларды әріптестер қала бюджетіне қайтарады.

ӘМАТ-қа өнімнің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 19 түрі жатады – 1 сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш.рожки.күнбағыс майы және сары май, құс еті, сиыр еті, сүт, айран, ірімшік, 1 санатты жұмыртқа, қант, тұз, нан, картоп. Пияз, қырыққабат, сәбіз.

«Айналым сызбасының» шеңберінде қарыздар берілді, соның нәтижесінде ӘМАТ-тың 60 мың тоннадан астам көлемде 19 позициясы бойынша бағалары ұсталып тұр, бұл қала бойынша бағаны 35%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Магнум желісінің 54 сауда орны, Тоймарт сауда желісінің 14 сауда орны, Асыл еттің 5 дүкені қамтылды.

Сонымен қатар, берілген «айналым сызбасы» тамақ өнеркәсібі өнімдерінің сату бағаларын бекітуге мүмкіндік берді.

• «Asyl Meat» ЖШС 2022 жылдың 1 маусымына дейін 5 фирмалық дүкенде бір келісі үшін 2050 теңгеден бекітілген баға бойынша сиыр етін (жауырын-төс бөлігі) сатады.

• «Алсад Казахстан» ЖШС «Магнум», «Смолл» және «Тоймарт» сауда желілері арқылы сөрелерде 10 данасы 440 теңге болып бекітілген баға бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын сатуды жүзеге асырады. 1 санатты жұмыртқаның бағасы статистика бағасынан 8%-ға төмен (орташа баға – он данасы үшін 479 теңге).

Халық үшін қол жетімді бағамен ӘМАТ-тың атауларының ұсынымын арттыру үшін қаланың 7 негізгі базарында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме базар), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) әлеуметтік дүкендер ашылды, онда төмендетілген бағамен ӘМАТ-тың 10 атауы (картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, күріш, рожки, ұн) сатылады, бұл сауда жасаушылар арасында бәсекелік ортаны құрайды.

Сондай-ақ, «Ет дүкендері» жобасы іске қосылды, онда қол жетімді бағамен сиыр етін және қой етін сату жүзеге асырылады, бағаны тұрақтандыру бір келісі үшін 2050 теңгеде сиыр етінің жауырын-төс бөлігі бойынша ұйымдастырылған. Аталған сәтте, «Жұлдыз», «Түрксіб» базарларында екі сату орны жұмыс істейді. Қаланың 7 ірі базарында «Ет дүкендерін» ашу жолымен жобаны кеңейту жоспарланып отыр.

Қала азық-түлік нарығында жағдайды жақсарту үшін тұрақты түрде жаңа шешімдер іздестіруде.

Новости партнеров