Арықтарды қоқыспен бітеп тастаған алматылықтарға айыппұл салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 28-30 наурыз аралығында Алматы қаласында жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.
Бүгін қаланың коммуналдық қызметтерінің күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және қоқыс төгілген «ойық жерге» тазалау жұмыстары жүргізілді. 27 наурыздағы жағдай бойынша, 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желілері тазаланған.
Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2 мың қап құм дайындалған. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.
Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз. ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елдімекендердің жасыл желегін жою және зақымдау» бойынша заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қосымша хабарлаймыз, бұл ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
Оқи отырыңыз: 2025 жылдың соңына қарай Алматының нөмірлік қорын 1,5 есеге арттады