Алматыда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты.
Алматыда халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздар санын қысқарту үшін шаралар кешені, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол бойынша 216 инфрақұрылымдық жобада 26 мың жұмыс орнын құру көзделген. Құрылатын жұмыс орындарының 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарды жіберу есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Д. Әлкебайұлы.
Бүгінде шамамен 19,2 мың жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 9,7 мыңнан астам жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналасқан жастардың үлесі 3 662 адамды құрайды. Қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері 92 мың тг құрайды.
«Жұмыс берушілер алатын жалақыға қосымша біржолғы материалдық көмек төлейді. Бүгінгі таңда 569 қызметкерге төленді», – деді ол.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстар жоспары 3 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтылды. Бұл шараны 15,6 мың жұмыссыз пайдаланды. Басқа да уақытша жұмыс орындарына 2,6 мың адам жіберілді, оның ішінде ЖОО мен колледждердің 1,4 мың түлегі жастар практикасына жіберілді.
Сондай-ақ, жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жалғасуда, оған 1005 адам жолданды. Курстар аяқталғаннан кейін жұмыссыздар тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылы, сондай-ақ, өз бизнесін ашуға немесе бұрыннан барларын ілгерілетуге 555 мың тг 1705 өтеусіз грант берілді. Негізгі қызмет түрлері-тігін ісі, тамақ дайындау, маникюр және шаштараз өнері және т. б.
Осылайша, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында қалада 56 223 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 28 977 тұрақты жұмыс орны, оның ішінде:
– кәсіпкерлік субъектілері мен –24 324;
– «Еңбек» – 17 715;
– Өңірлерді дамыту – 824;
– «Бизнестің жол картасы 2020» – 3519;
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» – 9257;
– «Нұрлы жер» – 345;
– білім мен ғылымды дамыту – 70;
– индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – 169.