|
15.09.2024 | 20:18
222

Мақсат Базарбай алматылықтарды қала күнімен құттықтады

«Алматы – арман қала» атты мерекелік концерт өтті

 Мақсат Базарбай алматылықтарды қала күнімен құттықтады

Алматыда эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Алматы – арман қала» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сахна төрінде өнер көрсеткен жұлдыздар әннен шашу шашып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

– Құрметті Алматы тұрғындары және қонақтары, қала күні құтты болсын! Алматымыз көркейе берсін! Ауылда өстік, бірақ бала-шағамызбен Алматыда тұрамыз. Басқа қалаға барсақ та, сүйікті қаламызға асығып, сағынып тұрамыз, – деді әнші Мақсат Базарбай.

Алаңға жиылған жұрт шат жадыман күй кешті. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін өнерпаздар өнеріне тәнті болды.

– Алматы күні құтты болсын. Бәріңізге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! – деді қала тұрғыны Жұлдызай Жүнісова.

Оқи отырыңыз: Қала күні: Алматыда мерекелік отшашу болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир