|
01.03.2024 | 18:59
738

Мың алғыс: Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті

Мерекеге арналған іс-шарада елге танымал өнер жұлдыздары ән шырқап, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады

Мың алғыс: Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті Almaty.tv

«Мың алғыс». Алматыда осындай тақырыпта қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекеге арналған іс-шарада елге танымал өнер жұлдыздары ән шырқап, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысып, ақжарма тілектерін жеткізді. Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір ұлт өкілдерінің ұлттық биі сахналанды.  

«Мені  бүгінгі күнге жеткізген, айналамдағы туған-туыс, бауырларым, ұстаздарыма рақмет айтамын. Көп ұлттан тұратын Қазақстан халқының достығы, бірлігі ол да бүгін осы сахнада болады. Сондықтан бүгінгі бағдарлама ерекше. Мерекелеріңіз құтты болсын», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева.

«Әр айтқан әнімізге, өзінің ыстық ықыласын, тілегін, ниетін білдіріп жататын  көрерменімізге үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева.

Оқи отырыңыз: Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир