Суару жүйесі: Алматыда 29 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Ерболат Досаев көгалдандыру мәселесін шешу үшін шетелдік тәжірибе мұқият зерттелгенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 500 мыңнан астам ағаш тамшылатып суарумен қамтылған.  Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындары жасыл желектерге автоматты суару жүйесін ұйымдастыруды сұрады. Ерболат Досаев көгалдандыру мәселесін шешу үшін шетелдік тәжірибе мұқият зерттелгенін атап өтті.

2023 жылы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жаңа ережелер қабылданды. Жаңа көшеттерге қойылатын талап едәуір күшейтілді, жасыл екпелерді күту және қорғау жөніндегі нормативтер көбейді, сонымен бірге суару жүйесінің болуы көзделген.

- Абай даңғылының бойында автоматты суару жүйесі қарастырылған. Бүгінде көгалдарды қалпына келтіру жобасы әзірленіп жатыр. Бұған қажетті желілер бар, - деді Ерболат Досаев.

Суару жүйесін ұйымдастыру үшін мегаполисте 29 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды. Жасыл қорды сақтау мақсатында Алматыда 2,3 млн жасыл желекті түрлі зиянкестерге биоөңдеу жүргізілуде. 2025 жылға дейін 1,2 млн көшет отырғызу жоспарға енген.

Новости партнеров