Алматы банкирлері зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдайды

Алматы банкирлері зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдайды
Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы банкирлері зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдайды. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Спикердің айтуынша, Halyk Bank тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен микробизнес секторынан өз қарыз алушыларына залал мөлшерін растауды ұсынбастан бизнесті қалпына келтіруге миллион теңге мөлшерінде өтеусіз грант бөлу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, банк өз клиенттерінің осы санатына 6 айға дейінгі мерзімге несие төлемдері бойынша несиелік демалыс береді.

«Сондай-ақ Halyk Bank ОӘД, «Москва», «Азия-парк», «Апорт», Promenade, Silk Way, «Мобилка» және Globus сауда орталықтарында Банктің клиенттері болып табылмайтын микробизнес өкілдеріне қолдау көрсетеді. Оларға қалпына келтіру жұмыстарына, соның ішінде қажетті жабдықтарды сатып алуға миллион теңге аударылады», - деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.

«Біріншіден, Almaty МҚҰ-дан 10 млн теңгеге дейін айналым қаражатын 2%-бен 12 айға дейінгі мерзімге толықтыруға, кепілге және/немесе «Алматы» ӘКК-нің ішінара кепілдігіне жеңілдікті қаржыландыру өнімі енгізілетін болады», - деп бөлісті Қиқымов, өтінімдер жоба бекітілгеннен кейін 6 ай ішінде қабылданатынын атап өтті.

Ол тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазіргі Almaty Finance және Almaty МҚҰ қарыз алушыларына негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге дейін босату берілетінін айтты. Ол үшін 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін өтініш беру керек. Сонымен қатар, жеке тәртіпте қаңтардағы тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдай режимін тікелей немесе жанама қозғаған жұмыс істеп тұрған қарыз алушылардың кредиттері бойынша кейінге қалдыру мәселелері қаралатын болады.

«Екіншіден, Almaty Finance және Алматы МҚҰ тарапынан несиелендірудің ең ұзақ мерзімі жарты жылға, яғни 90 айға дейін (бұрын 84 ай болатын) ұлғайтылады. Кепілсіз кредиттеу бойынша мөлшерлеме 12%-дан 9%-ға дейін төмендетіледі. Құжаттарды қабылдау процесі жеңілдетіледі, бұл өтінімдерді қарауды едәуір жылдамдатады және осы бағдарламаны одан да қолжетімді етеді», - деді спикер.

Өтінішті сайт арқылы беруге болады https://spk-almaty.kz / немесе мекен-жайы: Алматы, Байзақов көшесі, 303, Инвестициялар үйі.

Новости партнеров