Алматы қаласында көмір қоры Түрксіб ауданында орналасқан көмір базаларының қоймасында тұр. 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша көмір қоры 8,6 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Халық арасында көмірге деген сұраныс жоқ. Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі үнемі бақылауда болады.
Көмір базаларының мекенжайлары:
1. ЖК «Иманбаев», Іле трактісі, 20, Шұбаркөл маркасы, бір тонна үшін құны 18800 теңге.
2. «Әлем Көмір» ЖШС, Бекмаханов көшесі, 88б, Қара-жыра маркасы, бір тонна үшін құны 18700-19000 теңге.
3. «Әлем Көмір-2» ЖШС, Бекмаханов көшесі, 88г, Қара-жыра маркасы, бір тонна үшін құны 18700-19000 теңге.
4. «KZ-Broker» ЖШС, Сүйінбай даңғылы, 495, Шұбаркөл маркасы, бір тонна үшін құны 18500-19000 теңге.
5. ЖК «Құрмашева», Сүйінбай даңғылы, 495, Шұбаркөл маркасы, бір тонна үшін құны 18500-19000 теңге.
Оқи отырыңыз: Рейс кешіксе, әуе компания басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін