Jas Gala: Алматыда жеңімпаздар марапатталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Байқауға 2,5 мыңға жуық талапкер өтінім берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Jas Gala» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жоба биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқауға қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінен 2, 5 мыңға жуық талапкер өтінім берген. Оның ішінен 500-ден астам талант иесі үздік деп танылды.

– Университет және колледж ішінде іріктеу болды. Жобаға қатысып, қалалық деңгейге шыққысы келетін жастар арасында конкурсын өткіздік. Үздіктерді қалалық деңгейдегі іріктеуге шақырдық, – деді Алматы студенттер альянсының төрағасы Жасұлан Қуандық.

Қатысушылар вокал, хореография, театр, мобилография және аспаптық орындау бағыттары бойынша бақ сынады. Шығармашыл жастардың өнеріне жоғары баға беріліп, әр бағытқа қомақты жүлде қоры тағайындалды.

– Жобаға екінші рет қатысып жатырмын. Сайыс кәсіби деңгейімізді көтеруге үлес қосады. Мен үшін үлкен қадам деп есептеймін, – деді жүлдегер Алмат Жаңабай.

Оқи отырыңыз: Qazaq Book Fair: Алматы да кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Новости партнеров