Алатау ауданында Alatau Creative HUB ашылды. Бұл – Алматыда креативті индустрияны дамытуға арналған алғашқы қадам. Бұл туралы қала қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасынды жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алатау ауданында Alatau Creative HUB ашылды. Бұл – Алматыда креативті индустрияны дамытуға арналған алғашқы қадам. Қала экономикасының құрылымын әртараптандыру үшін қажетті жаңа тауашалар құрылуда. Шығармашылық тұрғыда өзін дамытып, еңбек нәтижелерін монетизациялау үшін барлық жағдай жасалған. Маркетинг-құралдар, PR, ивентика кешені ұсынылып отыр. Мұнда баспа үйі, кітап дүкендерімен байланыс орнатып, өнімді жылжыту бойынша іс-шаралар өткізуге көмектеседі. Егер шығармашылық идеяңызды жүзеге асырғыңыз келсе, Alatau Creative HUB-қа қош келдіңіз», – деп жазады әкім.
Сондай-ақ, Алатау ауданында Alatau Creative HUB-қа заманауи кітапхана, коворкинг-кеңістік, балаларға арналған тегін 25 шығармашылық үйірме, мастер-кластар мен презентацияларға арналған алаң, медиатека кіреді.