Биыл Алматыда 4765 мекеме профилактикалық тексерістен өткен. Оның арасында 2653 кәсіп нысаны бар. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ атқарушы орган қызметкерлері бизнеске қатысты тағайындалған 50-ге жуық заңсыз тексерудің жолын кескен.
– Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында бақылау және қадағалау органдарының бизнеске заңсыз араласуының алдын алу мақсатында департамент мемлекеттік органдардың 18 тексеруін тіркеуден бас тартты. Сондай-ақ тексерулерді есепке салу және тіркеудің барлық процесі «тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде цифрландырылған, – деді ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Абай Арап.
Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін «qamqor.gov.kz» мобильді қосымшасы іске қосылған. Оның көмегімен кәсіп иелері алдағы тексерулер туралы хабарламалар алып, онлайн режимде шағым бере алады. Қазір мобильді қосымшаны 110 мыңнан астам адам қолданады.
Оқи отырыңыз: Ақкенттегі өрт: Зардап шеккен пәтерлерді қайта жөндеу жұмысын жүргізіп, көмектесеміз – құрылыс компаниясы