|
28.07.2020 | 23:41
3991

Алматының Алмалы ауданында 169 адамға маска кимеген үшін айыппұл салынған

Карантин күшейтілгенге дейін маскасыз жүрген азаматтарға тек ескерту жасалса, қазір бірден хаттама толтырылады

Алматының Алмалы ауданында 169 адамға маска кимеген үшін айыппұл салынған Almaty.tv

Карантин талаптарын сақтау қажеттілігі айтылып, ереже егжей-тегжейлі түсіндірілсе де кәсіпкерлер немқұрайлылық танытады. Мәселен, бір айға жуық уақытта Алмалы ауданында бетперде кимеген 169 азаматқа айыппұл салынған. Ал, астыртын жұмыс істегендер қалай жауапқа тартылып жатыр ? Толығырақ  Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғайдың материалында.

Алмалы ауданындағы кезекті рейд барысында аяқ киім дүкенінде  қызметкерлердің қызуы өлшенбейтіні анықталды. Мекеме әкімшісі де бетперде кимеген. Сондай-ақ, сауда орнында медициналық маска қоры да жеткіліксіз. Осы заңбұзушылықтар үшін мекеме басшысына 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Ал мына кеңседе қызметкерлердің медициналық маска кимегені анықталды. Бас санитардың соңғы қаулысына сәйкес мекеме жұмысшылары 2 метр қашықтықта отыруы керек. Алайда бұл талап та сақталмаған. Бетпердені иегіне киген қызметкерлерге ескерту жасалып, бір жеке тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткішінде айыппұл салынды. Айта өту керек, карантин күшейтілгенге дейін маскасыз жүрген азаматтарға тек ескерту жасалса, қазір бірден хаттама толтырылады.

«Бүгінгі жүргізілген рейд бойынша бірнеше әкімшілік-құқық бұзушылық анықталды. Нысандардағы  бетперде кимеген жеке тұлғаларға хаттама толтырылды. Толық айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, оның қысқартылған түрі осы соманың жартысын құрайды. Яғни, 15 айлық есептік көрсеткіші», – деді Алмалы ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гуля Илялетдинова.

Аудан бойынша шағым түскен бірнеше сұлулық салоны да тексерілді. Алайда астыртын жұмыс істеген сән орталықтары табылмады.

Ал карантин күшейтілгелі аймақта 700-ге жуық бизнес нысан жұмысын тоқтатқан. Олардың қатарында сауда орталықтары, спорт кешендері, кітапханалар, мұражайлар, жаттығу залдары мен сән салондары бар. Аудан бойынша арнайы құрылған 3 мониторингтік топтың жұмысы карантин соңына дейін жалғасады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир