Алматыда 2025 жылы 3 креативті хаб ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv
Ал 2030 жылы оның саны жетеуге жетеді. Креативті экономиканы дамыту қазіргі заман талабы деген белсенді топ қаланың жоспарына белсене атсалысқандарын айтады. Олар болашақта мұндай кеңістіктерді көбірек ашу керек дейді. Белсенділер Алматы әкімдігі жұмыс тобына қосып, пікірлерін ескергендеріне дән риза.
«Бізді жұмыс тобына қосқан кезде бастапқыда сене алмадық. Шақыру алған кезде қуана-қуана келістік. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Креативті экономикаға қатысты мәселелерді 5 ай бойы қарастырдық. Бірнеше ұсынысымыз ескеріліп, жобаға енгізілді. Ондай орталықтар қаланың 8 ауданында да ашылса дейміз», – деді Әлеуметтік-мәдени платформаның негізін қалаушы Дәурен Түлеев.