Алматы дәріханаларына келушілердің 55 пайызы препараттарды дәрігердің рецебінсіз алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай мәлімет қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Асфендияров медициналық университеті бірлесіп жүргізген сауалнамадан кейін белгілі болған. Сауалнамаға 150-ден астам тұрғын қатысқан. Олардың 20 пайызы сырттан келгендер. Әлеуметтік дәріхана алдында кезекте тұрған алматылықтар арасында өткізілген.
«Осы сауалнамадан кейін әлі де болса көпшілік өздігінен ем қабылдап жатқанын байқауға болады. Бұл тұрғыда барша қазақстандықтардан дәрігердің нұсқауынсыз ем қабылдамауды сұраймыз. Өйткені кез келген дәрінің кері әсері бар. Оның неге алып келіп соғатынын өздеріңіз білесіздер», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедияров.
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың 54,1 пайызы яғни, 66 адам дәрі-дәрмектерді өздері үшін алғанын, ал 38,5 пайызы немес 47 адам өзгелер үшін алғандарын айтты. Өзге аймаққа жіберу үшін 6,6 пайыз немесе 8 адам. Сонымен қатар,1 адам «дәрінің қорын» жасау үшін алатынын да жасырмады.
«Дәрілердің емі жөнінде түрлі пікірлер айтылды. ЖРВИ-ға қатысты дәрілерді сауалнамаға қатысқандардың 33 пайызы немесе 40 адам, өкпенің қабынуын (пневмонияны) емдейтін дәрілерді 23 пайызы (28 адам), CОVID-19-дан емделу үшін 12 пайызы (15 адам), басқа аурудан емделу үшін 32 пайызы немесе 39 адам алған», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметінің бас маманы Гүлнәр Жұмамұратова.
Графика:
Сауалнама қорытындысы:
54% немесе 66 адам дәрі өздері үшін алады;
38% немесе 47 адам өзгелер үшін алады;
6,6% немесе 8 адам өзге аймаққа жіберу үшін алады:
1 адам «дәрінің қорын» жасау үшін алған.