Ерболат Досаев қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Шаһар басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын бөлісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Сарапшылар мен кәсіби мамандар қаланың экономикалық, мәдени және рухани дамуына арналған бағдарламаларды іске асыруға тікелей араласып, өз ұсыныстарын жеткізді. Шаһар басшысы мегаполистің экономика, экология, жол тасымалы, шағын және орта бизнесті қолдау, мектептер мен балабақшалар санын арттыру мәселесінің қарқын алатынын айтып, алда атқарылар жұмыс жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

          

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаевтың қоғамдық кеңес мүшелерімен алғаш рет кездесті. Әр сала бойынша комиссия жетекшілері мегаполис басшысына өз ұсыныстарын айтты.

«Қаладағы барлық транспорт түрі бір-бірімен үйлесімді болуы керек. Мысалы, Талғардан келетін адам жеңіл рельсті транспортты пайдаланады. Ұзынағашқа дейін қала арқылы көп уақыт жоғалтпай тез арада жету керек. Одан бөлек, қаланың ішінде де жүріп-тұру ыңғайлы болуы керек», - деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров.

Қаладағы қазіргі басты мәселе Алматыны бұрынғы қалпына қайта келтіру, Қаңтар оқиғасы кезінде түгі қалмаған нысандарды жөндеу мен шағын және орта бизнесті аяққа тұрғызу. Бұл шаруа да бүгінгі отырыста кеңінен талқыланды.

«Жеке тұлғалардың, адвокаттардың, нотариустардың ғимараттары қирады. Солардың мәселесін әкімге айтып көтеру керек. Себебі олар үшін нақты механизм қабылданған жоқ. Тек полицияға арыз жазған. Олар барып қараған, ары қарай қалай болатыны белгісіз», - деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Жазылбеков.

Алматы қаласының кешенді жоспары – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсатруға арналған игі қадам. 2020 жылы басталған бұл жобаны жыл сайын қаржыландыру мәселесі тоқтаған емес. Соның нәтижесінде шаһардың шеткі аудандары қарқынды дамыды. Үй-үйге ауыз су қосылды, тасжол төселді, тұрғындардың көгілдір отынға қолы жетті. Бұл жоба биыл да жалғасады.    

«Мен Алматы әкімі қызметіне тағайындалардан бұрын Президенттің жеке қабылдауында болдым. Сол сәтте «Алматы – менің де, сенің де туған қаламыз. Оны ары қарай өркендету, дамыту сенің қолыңда» деп үлкен сенім білдірді. Баршамызға ортақ мегаполисті көркейту бәріміздің де міндетіміз деп білемін. Сол себепті алдағы уақытта бірге жұмыс істеп, маған қолдау білдересіздер деп үміттенемін», - деді Алматы қал асының әкімі Ерболат Досаев.  

Қоғамдық кеңес мүшелері қала басшысымен өткен әр кездесу нәтижелі болтанынына сенім білдірді. Бүгінге дейін мегаполистегі атқарылған қыруар жұмыс осының айқын дәлелі. Бұл кеңестің құрылғанына биыл 6 жыл. Осы аралықта белсенділер халық пен бұқара арасында алтын көпір болып, талай мәселені біржақты етті. 

Ұлағат Арғын, Медет Саматұлы, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров