Ал, маска вирустан қорғамайды деген жалған. Мамандардың сөзінше, бетпердемен тұрған екі адам арасындағы вирустың жұғу қаупі төмен. Алматылықтар қаншалықты бетперде тағып жүр? Және сақтық шаралары жайында ақпараттандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр Толығырақ Almaty.tv тілшісі Арнат Дүйсен тарқатсын.
Көзге бірден түсетін мынадай қызыл плакаттарды Алматының барлық жерінен кездестіруге болады. Қазіргі уақытта індеттен сақтанудың жолдары туралы осындай ақпараттық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, бір ғана Алатау ауданында үш күннен бері 350 жерге ілінді.
«Жерасты, жерүсті дейміз, оларға да ілдік, тұрғын үй кешендерінің кіреберісіне іліп жатырмыз. Бүгінгі таңда басқармамен келісіп жұмыс істеп жатқан базарлар бар. Барлық жерде осындай ақпарттарды көлемді етіп іліп жатырмыз. Оны Алатау әкімдігі қадағалауына алып отыр», – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Жеңіс Садырханов.
Одан өзге, мұндай ақпарттандыру жұмыстары қоғамдық көліктер мен Алматы көшелеріндегі жарнамалық билбордтарға да орнатылған. Ал, соңғы кездері шаһарда бетперде кимей жүрген елдің саны азайған. Бұған дейін көпшілік немқұрайлы қараса, казір сақтық шараларын қатаң ұстанып жүрміз дейді.
БЛИЦ:
– Масканы мен сәуірде қызыммен ауруханадан жатқаннан кейін күн сайын тағамын. Және барлық қазақстандықтарға айтарым – масканы барлық жерде тағып жүруін сұраймын.
– Мен үнемі тағы жүремін. Тек үйде шешемін. Енді коронавирусты көрдік қой. Қазақстанға енді келді-ау деймін. Масқара, түрі жаман.
Мұндай банерлер қалада халық көп жүретін жерлердің барлығына ілініп жатыр. Яғни, тұрғын үй кешендері мен базарлар және мынадай өткелдерге де ілінуде. Мұндағы мақсат қазіргі індеттен сақтану жолдары, яғни маска тағып арақашықтық сақтау туралы халықты мейілінше кеңінен ақпараттандыру. Біздің де айтарымыз – өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін міндетті түрде бетперде киіп, арақашықтық сақтауды сұраймыз.
Арнат Дүйсен, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы