Алматының Құтқару қызметі базасында Бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметі іске қосылады

Алматының Құтқару қызметі базасында Бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметі  іске қосылады
Деректер базасының интеграциясы мен цифрлық шешімдер Алматының қауіпсіздік деңгейін арттырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде қауіпсіздіктің дәстүрлі жүйелерінен зияткерлік жүйеге көшу жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаев атап өткендей, алматылықтардың қауіпсіздігі – жұмыстың басым бағыттарының бірі. Бизнестің дамуы, инвесторлар мен туристер үшін  тартымдылық осыған қатысты. Бүгінде деректер базасын интеграциялау және ТЖ туралы ескерту мен әрекет ету жүйелерін цифрландыруды кеңейту бойынша жұмыс жүруде.

Алматының Құтқару қызметі базасында Бірыңғай кезекші - диспетчерлік «112» қызметі (БКДҚ) іске қосылатын болады, ол американдық «911» қағидаты бойынша жұмыс жасайды, яғни полицияға, жедел жәрдемге және өрт сөндіру қызметіне түскен барлық қоңыраулар орталықтандырылған өңдеуден өтетін болады.

Қазір қиын жағдайға тап болған кезде қала тұрғындары түрлі қызметтерге қоңырау шалады. Кейде полицияға және жедел жәрдемге қоңырау шалуға және жағдайды түсіндіруге уақыт кетеді.

Шұғыл қызметтің «112»нөмірін теру арқылы адам парамедик диспетчердің басқару пультіне қосылады, ол сигналды басқа арнайы қызметтерге жібермейді, күрделі жағдайды өзі саралайды. Соның арқасында түскен  өтініш  жедел қаралып, көмек көрсету үшін қажетті  қызметтер дереу жіберіледі.

Сонымен қатар, қаланың коммуналдық қызметтерінің апатты қызметтеріне түсетін сигналдарды өңдеу  мен өтініштер жүйесі модернизацияланады. 2022 жылдың аяғына дейін «109» Бірыңғай байланыс орталығының жобасы барлық коммуналдық қызметтерді біріктіретін болады. Жоба ақпаратты жедел бақылауға және қала тұрығндарына сапалы ақпарат беруге әрі апатты жағдайларды дереу жоюға мүмкіндік береді.

БКО - 109 қызметін ұйымдастыру аясында 13 коммуналдық ұйымдардың колл орталықтары біріктіріледі, олар - «Алматы жылу желілері», «Алматыэнергосбыт», «ҚазТрансГаз-Аймақ», «Алматы Су», «Алматы Қалажарық» және басқалары.

Болашақта Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесін БКО-109-бен біріктіру күтілуде, сонымен қатар БҚДҚ-112 жобасымен бірыңғай  платформа құрылатын болады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағы бір жоба Бірыңғай бейне бақылау жүйесі (БББЖ) болады. Ол бірқатар бейнебақылау жүйелерін біріктіреді. Мысалы, «Сергек» жүйесінің 2 мың камерасы бар бейне ағынын нақты уақыт режимінде қалалық трафикті бақылау үшін пайдалануға болады. Бұл ақпарат кейіннен «Яндекс Навигатор», «2ГИС» сияқты жол-навигациялық жүйелері және «ақылды» бағдаршамдар жүйесі үшін мәліметтер көзіне айналады.

Қауіпсіздікті бақылау үшін әр түрлі объектілерден камераларды Бір жүйеге біріктіру жоспарланған. Түскен мәліметтерге сәйкес видеосараптама жасалады, мұнда түтін, өрт, түрлі заттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар,іздеуде жүргендердің киімі, жынысы  негізге алынады.

Бұзушылықтарды, қылмыстарды, жол-көлік оқиғалары және тұрғындардың қозғалыс белсенділігі туралы мәліметтер базасын интеграциялаудың арқасында үлкен деректер мен машинаның оқуы негізінде қаланың әр ауданы мен учаскелеріде болған оқиғаларды саралау қалыптасады.

Бұл шешімдердің барлығы «Алматы-2050» Smart City Стратегиягиясының бағыттарын іске асыру аясында  цифрлық шешімдердің көмегімен қалалықтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін болады.

Б. Сағынтаев қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті, өйткені алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту басты бағыт әрі ол жалғасатын болады. Қаланың қауіпсіздігін цифрлық шешімдерді қолдану, сондай-ақ халықпен белсенді өзара байланыс жасау арқылы қамтамасыз етуге болады.

Оның үстіне, қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу маңызды, олар: қоғам қабылдаған қылмыстың алдын алу шаралары қылмыс жасау мүмкіндігін азайтады.

Новости партнеров