«Алматы жастары» тұрғын үй алу бағдарламасына биыл 10 мыңға жуық өтінім түскен

 Фото: kn.kz
Фото: kn.kz
Мақсат – жеңілдетілген несие беру арқылы жас мамандарды баспанамен қамту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы жастары» тұрғын үй алу бағдарламасына биыл 10 мыңға жуық өтінім түскен. Олардың көпшілігі денсаулық сақтау мен білім беру саласының қызметкерлері. Құжаттар қабылдау онлайн түрде 1 ай бойы жүргізілген еді. Қазір келіп түскен ұсыныстарды тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары тексеріп жатыр. Мақсат – жеңілдетілген несие беру арқылы жас мамандарды баспанамен қамту, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы жастары» мемлекеттік бағдарламасы өңірдегі талай жас маманның баспаналы болуына мүмкіндік беріп келеді. 1 айдың ішінде қала бойынша түрлі 8 саланың қызметкерлері атынан 9 мың 741 өтініш қабылданған. Енді 20 жұмыс күн ішінде қатысушылардың бағдарлама талаптарына сай екені тексеріледі. Кейіннен әр санат бойынша өтінім берген азаматтардың жинаған балына қарай тізім шығарылады.      

«Тұрғын үй қарыздарын берудің әділдгі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардың тізімдері almaty-jastary.kz сайтына жарияланады. Ол жерде жолдама алғандар, жолдама алуға резервке іліккендер және қабылданбай кері қайтарылған өтініштер тізімдері деген арнайы бөлімдері бар. Жинаған баллдарына сәйкес, сол тізімге орналастырамыз», – деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Ал азаматтардың онлайн тапсырған өтінішін қала әкімдігі саралап, мақұлдағаннан кейін жолдама беріледі. Құжаттары ережеге сай келген азамат 15 жұмыс күн ішінде отбасы банкіне барып, төлем қабілеттігін растау қажет.    

«Биылғы жылғы тағы да бір өзгерісі бар: ол тұрғын үйді іздеу уақыты. Былтыр 60 күнтізбелік уақыты берілген болатын. Биыл ол 45 күнге қысқартылды. Сондықтан өтінім берушілерге айтарымыз: өздеріне ұнайтын үйлерін қазірден бастап қарап, бақылап жүруін сұраймыз», – деді қалалық «Отбасы» банкі филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова.

Биыл тұрғын-үй алу үшін мемлекеттен берілетін несиенің мөлшері 18 млн-ға дейін көтерілді. Бастапқы жарна 10 пайыз, яғни 1 млн. 800 мың теңге. Оны төлеу үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырылған.

«Биылғы шыққан зейнетақы төлемдерін қажетті сомадан жоғары алу мүмкіндігі туындап жатыр ғой, Қазақстан азаматтарына. Осындай сомасы бар болатын болса, қатысушымызда зейнетақы шотындағы алғашқы жарна ретінде қолдануға болады. Яғни, алғашқы жарнамыз 1 млн, 800 мың деп отырсақ, сол ақшаны зейнатақы қорынан алса болады, егер артық ақшасы болған жағдайда», – деді қалалық «Отбасы» банкі филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова.

Өткен жылы «Алматы жастары» мемлекеттік бағдарламасы аясында мың жас маман қоныс тойын тойлады. Биыл да 35 жасқа дейінгі осынша азаматты баспанамен қамту көзделіп отыр.

Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» жастары


Новости партнеров