Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Uzdik volonter-2021 еріктілеріне құрмет көрсету салтанатты рәсімі өтті, онда жыл қорытындысы шығарылып, Алматы еріктілер қозғалысының ең белсенді және жанашыр қатысушылары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ашты. Ол мұқтаж жандарға риясыз көмектесіп, қоғамды жақсарта түсетін еріктілер қозғалысының белсенділерінің ерекше рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры А. Саин; қалалық мәслихаттың депутаты, Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің иесі Қ. Құдайберген; «Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қорының төрайымы А. Ерниязова; қалалық мәслихаттың депутаты С. Есмат; Алматы қаласы волонтерлерінің өңірлік фронт-офисінің өкілі Б. Анарбаева құттықтау сөз сөйледі.
Түрлі номинациялар бойынша марапатталғандардың арасында Lider.kz еріктілер қозғалысының жетекшісі Д. Блац; Menin Armanym корпоративтік қорының атқарушы директоры Ш. Ванкеев; Asar-ume қорынан А. Нұрмағамбетов, Д. Малаева, С. Асылбек; «Салиқалы ұрпақ» қорынан Қ. Қасабеков; «Харекет» ҚҚ, Г. Мұханқызы, А. Теміров, «Харекет» ҚҚ, А. Оқас, Е. Ұлтанбеков, Е. Шаяхмет, М. Мырзахметова «Алматы мейірімділік клубынан»; Қайсар Қ., Л. Ибрагимова, «Қызыл Жарты Ай»; А. Ким, «Қазақстан Еріктілер лигасы»; Б. Шералиева, «Рахым» Әлеуметтік үйі; М. Лежнева, «Котопес», С. Шүңкеев, «Халық» қоры, М. Әнуарбекова, «Мен алматылықпын» және басқалар.
Форум барысында Asar-ume қоғамдық қоры мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үй сатып алуға сертификат берді. Басқа еріктілер жаңа үйге қажетті техниканы сыйға тартады. Мейірімді жүректердің арқасында тағы бір отбасы жаңа жылды өз шаңырағының төрінде қарсы алады.
Айта кетерлігі, жаңа жыл қарсаңында еріктілер жақсылық сыйлауды тоқтатпайды. Қаланың волонтерлік ұйымдары «Керемет Аяз Ата» жаңа жылдық акциясын өткізуде, оның аясында кез келген адам мұқтаждың жаңа жылдық тілегін орындай алады.