Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде полиция пункті ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алатау ауданында салынған полиция бекеті жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындар дабылына жедел әрекет етуге ықпал етпек.
Жаңа бөлімше қажетті құралдармен жабдықталған. Қалалық полиция басқармасы жыл соңына дейін шаһарда дәл осындай заманауи үлгідегі 7 пункт салуды жоспарлап отыр.
«Қала әкімдігі 3 жылға арналған жоба дайындаған болатын. Осы 3 жылдың ішінде 36 учаскелік пункт салу жоспарлануда. Мұндай бекеттердің болуы тәртіп сақшыларына тұрғындар дабылына жедел әрекет етуге және халықпен өзара іс-қимыл жасауға көмктеседі», – деді қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.