Наурызнама: ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Алаңға тігілген сахна маңында ақжаулықты аналарымыз бата берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданы да Ұлыстың ұлы күнін ауқымды тойлады. Салтанатты іс-шараға келушілердің қарасы қалың, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәстүрлі театрдың аумағына қазақ үй тігіліп, іші көрмеге толы композициямен көмкерілді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, биыл игі іске атсалысқандардың саны айтарлықтай өскен.

– Алатау ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Даму бала» өнім берушілермен бірге Наурыз мейрамын өткізіп жатырмыз. Қазақ үйдің ішіне аспаптар қойылды. Ауа райына қарамай балалардың өнерін тамашалауға келген халық көп келді, – деді ұйымдастырушы Анар Туғанбаева.

Халықтың мерекеге деген ыстық ықыласы ұлттық нақыштағы киімі мен дәстүрге деген құрметінен-ақ байқалады. Алаңға тігілген сахна маңында ақжаулықты аналарымыз бата беріп, қонақтардың мерейін үстем етті. Мұнда қойылған тағамдардың тізбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес, ал әшекей бұйымдардың жөні мүлде бөлек.

Оқи отырыңыз: Наурызнама: Алматыда ұлттық спорт түрінен фестиваль өтіп жатыр

Новости партнеров