560 нысанның 42-сі жабылған: Алматының Әуезов ауданындағы дәмханалар карантин ережелерін елемей отыр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Қатаң қағидаларды айтпағанда, қарапайым ғана талаптар орындалмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуезов ауданындағы дәмханаларда да карантин ережелерін ескермей отыр. Қатаң қағидаларды айтпағанда, қарапайым ғана талаптар орындалмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – Әуезов ауданындағы дәмханалардың бірі. Соңғы санитарлық қаулы бойынша қонақтар 2 метр арақашықтықта отыруы керек. Алайда көріп тұрғандарыңыздай мұндағы үстелдер тым жақын орналасқан.

Тамақтану орнында қызу өлшейтін тепловизор құралы бар. Алайда қораптың ішінен шығарылмаған. Мекеме ішін залалсыздандыратын дезинфекциялық ерітінді де жоқ болып шықты. Ал, сөреге қаптамасыз қойылған тағамдар да талапқа сай келмейді дейді тексеруші топ өкілдері.

«Қоғамдық тамақтану орнында дистанция  не сақталмаған. Отырған қонақтардың арасында дистанция сақталмаған. Қонақтардың дене қызуы өлшенбейді, дезинфекциялық ерітінділері жоқ», – деді Әуезов ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Жамал Жүсіпова.

Талап қанша күшейгенімен, кәсіпкерлердің немқұрайлы қарауы қынжылтады дейді мамандар. Мәселен, мына сұлулық салонына келушілерді қойып, тіпті  қызметкерлердің де дене қызуы өлшенбейді. Медициналық маска тақпаған. Ережені ескермегеннің орынның иесіне айыппұл салынды.

Жалпы қалалық бас санитариялық дәрігердің қаулысына сай карантин талаптарын тексеру жұмыстары әлі жалғасады. Мәселен, ауданда төтенше жағдайдан кейін дейін бері тексерілген 560 нысанның 42-сі жабылған. 10 мекемеге айыппұл салыныпты.

Сымбат Ноғай, Жангелді Бауыржан, «Алматы» арнасы


Новости партнеров