Алматыда қала күніне орай Алмалы және Алатау аудандарындағы 7 нысанның құрылыс жұмысы аяқталды

Almaty.tv
Almaty.tv
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында биыл қайта жөндеуден өткен саябақтар халық игілігіне беріліп, көпшілікті қуантты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қала күніне орай  Алмалы және Алатау аудандарындағы 7 нысанның құрылыс жұмысы аяқталды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында биыл қайта жөндеуден өткен саябақтар халық игілігіне беріліп, көпшілікті қуантты. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Жергілікті бюджет» жобалары негізінде бой көтерген  нысандар қаланың инфрақұрылымын жақсартып, халықты еңбекпен қамтып отыр. Толығырақ Almaty.tv тілшісінің бейнематериалында.

Халық жүрегін поэзимен тербеген Мұқағали ақынның атындағы саябақтың аумағы қазір 4,8 мың шаршы метрді құрайды. Бұған дейін тастарының тозығы жетіп, сиқы қашқан демалыс орны «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жөндеуден өткен. Пандемияға қарамастан, 3 айда аяқталған құрылысқа жұмыспен қамту орталығында тіркелген 40 адам тартылыпты.

Желтоқсан мен Мақатев көшелерінің қиылысында орналасқан бұл сквердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, қазіргі уақытта түгел аяқталған. Алмалы ауданы тұрғындарының сұрауы бойынша қайта жөндеуден өткен бұл саябақтың құрылысына мемлекет тарапынан 40 миллионға жуық қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта мұнда 18 орындық, қоқыс жәшіктері және 62 жарық бағандары орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Нәтижеде Мақатаев скверінде барлығы 215 көпжылдық ағаш пен гүлдер отырғызылып, 1800 шаршы аумаққа жаңа тас төселген. Қайта жанданған саябаққа қазір келуші тұрғындардың саны да ұлғайған. Жалпы көріктендіру жұмыстарымен айналысқан мамандар Алмалы ауданында жүзеге асқан жобалар негізінде 1398 жаңа жұмыс орнының құрылғанын айтады.  

«Аудан аумағында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 12 жоба жүзеге асырылуда. Мақатаев атындағы бұл сквер осы жоба негізінде жөндеуден өтті.  Жөндеу жұмыстары пандемияға байланысты ұзартылған болатын. Сондай-ақ, өткен жылы жарықтандыру бойынша және сквердің жай-күйі туралы тұрғындар тарапынан өтініштер келіп түскен. Сондықтан, жарықтандыру екі есе ұлғайтылып отыр», – деді Алмалы ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің басшысы Әкімхан Төлеген.

Ал, «Махаббат» саябағының қайта жөнделуі карантинде 30 адамды жұмыспен қамтыпты. Бұл жобаға бюджеттен 20 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мұнда да жаңа орындықтар мен жарық бағандары қойылып, жасыл желектер отырғызылған. Сондай-ақ, Алмалы ауданында 2019 жылы бой көтерген мейрамхана да құрылысын қала күні қарсаңында тәмамдапты. Көңіл көтеретін жердің дизайны ерекше, қазақи үлгіде жасалған. Бірақ, карантин талаптарын қатаң сақтаған бұл нысан 2021 жылы ғана жұмысын бастамақ.

«Бұл ғимаратты салудағы мақсатымыз - қазақтың тарихын жаңғырту. Советтік архитектор және қаланың тұрғыны ретінде қалама бір тарихи нысан салғым келді. Сол мақсатта басталды. Мысалы, ғимараттың сыртына 16 ханның бейнесін қойдық. Біздің мақсат - тойханаға келген әр қазақ осы ханның атын жаттап алып, сауатты адам оны интернеттен болса да тауып оқып, тарихымен танысады», – деді мейрамхана иесі Ерлан Есмағұлов.

Сондай-ақ, биыл қаладағы жоғары оқу орындарының бірі Алматы техникалық университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығы бой көтерді. 3 қабатты нысанда  білімгерлерге арналған спорт залы, конақ үй бизнесін оқытуға арналған бөлмелер мен арнайы ас үй жиһаздары бар.  

«2018 жылда басталған қүрылыс биыл 2020 жылы бітті. Эксплуатацияға өттік, дайынбыз. Енді қазір студенттер жоқ, бәрі қашықтан оқып жатыр. Біз ойлап отырмыз, қараша айының 1-нен бастап осы қызмет көрсету орталығына адмдарды кіргіземіз», – деді Алматы технологиялық университетінің  әкімшілік және шаруашылық жөніндегі проректоры Болат Ерденбек.

Брюллов пен Төле би даңғылының ортасында орналасқан Прокофьев көшесінің қазіргі жай күйі көпті қуантуда. 800 шаршы метрді алып жатқан бұл алаңда балаларға арналған ойын мен спорт алаңдары салынған. Көгалдандыру мақсатында 1 жеті бұрын мұнда жасыл желектің тұқымдары себіліп, 50-ге жуық тал отырғызылған. Осындай игі шараға тәнті болған тұрғындар, ризашылықтарын жасырмады.  

БЛИЦ:

1. Уважаемые горожане, поздравляем вас с днем города! А так же сегодня день матери, поздравляем! Так же хотим сказать про наш город, то что он светлый и зеленый. Очень благодарны акимату, так же исполнительным органам, которые сделали нам детскую площадку. Особенно для детей. Полностью улица Прокофьева облагородилась детскими тренажерами, горками. Нам очень нравится, спасибо большое!

2. Алматы қаласының тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рахмет, мына саяжайды жақсылап тәртіпке келтірді. Таза барлық жері, немерелеріммен келіп осы жерге демаламын.

Ал, бұл - Прокофьев көшесі бойындағы әкімшілік ғимарат. Алдағы уақытта 40 жұмыс орнына есептелген бұл нысанның құрылысы осы жазда аяқталды. Ал, Алатау ауданындағы «Алмалы» көпқабатты үй кешені қыркүйек айының 3-і күні тұрғындарды баспанамен қамтыды. Қазірдің өзінде көпқабатты үйдің 60 пайызы тұрғындармен толы. 2021 жылға дейін бұл кешен 39 үйді экплуатациядан өткізбек.    

«Алматы күніне қарсы, яғни ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен бастап, 18-19 блок, қазіргі нөмірлері 89 және 91 көппәтерлі тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Техникалық сипаттамасы жағынан айтсақ, бір тұрғын үй 77 пәтерден тұрады. Жалпы ауданы 3,2 мың шаршы метрді құрайды», – деді Алатау ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мирас Зинолда.

Биыл жүзеге асқан бұл жобалар шаһардағы жаңа жұмыс  орындарының  құрылуына септесті. Алдағы уақытта мегаполисте  «Жұмыспен  қамтудың  жол картасы» бағдарламасы  бойынша  инфрақұрылымдық  214 жобаны  жүзеге  асыру  үшін  тағы да 26 мың  жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сол арқылы халықтың 50 пайызын жұмыспен қамтамасыз ету  көзделген.

Аяулым Көлжігіт, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров