«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында Алматыда микро және шағын кәсіпкерліктің 659 жобасына қолдау көрсетілді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы — «МҚҰ «Almaty» ЖШС 2025 жылы «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматының шағын және микро бизнесіне 72 жеңілдетілген несие берді. Жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін жылдық 2% және 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржы алды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өткен жылы берілген несиелердің жалпы көлемі 3,2 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті 78,64 млн теңге, ал ең жоғары несиелеу мерзімі 7 жыл болды.

Салалық тұрғыда ең көп қаржыландырылған жобалар өндіріс және қайта өңдеу саласына тиесілі — бұл барлық қолдау тапқан жобалардың 32%-ы. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар – 24% және денсаулық сақтау – 21% болды. Бұдан кейін білім беру – 8%, креативті экономика – 7%, сондай-ақ туризм мен спорт – әрқайсысы 4% болды.

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 2019 жылы іске қосылғалы бері «МҚҰ «Almaty» Алматыда жалпы сомасы 16,5 млрд теңге болатын 659 жобаны қаржыландырды. Әсіресе, ең үлкен қолдау өндірістік жобаларға – 29% және денсаулық сақтау саласындағы жобаларға – 16% бағытталды. Қаржыландырудың тағы 10%-ы әлеуметтік кәсіпкерлікке тиесілі, бұл жобалар жылдық 2% ең төменгі жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды.

Аумақтық бөліністе ең көп жоба Бостандық ауданында қолдау тапты — 141 несие. Одан кейін Алатау ауданы — 110, Алмалы — 88, Медеу — 80, Әуезов — 77, Наурызбай — 67, Жетісу — 49 және Түрксіб — 47.

МФО «Almaty»-дің жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қалада шамамен 3 000 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қарыз алушылар бизнесін дамыту есебінен бюджетке шамамен 3 млрд теңге салық төледі.

Қазіргі уақытта «Almaty Business» бағдарламасын ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы қосымша хабарланады.

Новости партнеров