Alma Love: Алматыда фестиваль аяқталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Мегаполистің дамуына үлес қосқан жастар мен еріктілерге қала әкімі атынан алғыс хат табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Халықаралық жастар күні аясында өткен Alma Love фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Гранд финалда мегаполистің дамуына үлес қосқан жастар мен еріктілерге қала әкімі атынан алғыс хат табысталды. Қорытынды кеш Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп, 5 мыңнан астам көрерменді жинады. Фестиваль биыл «Бірлік, тазалық, заң мен тәртіп» ұранымен өтіп, 10 күн ішінде 10 іс-шара ұйымдастырылған. Экологиялық челлендждер, «Jastar Talks» мотивациялық кездесулері, квесттер, би жарысы, әлеуметтік жобалар көрмесі және «Жайдарман» ойындарына 30 мыңнан астам жас қатысқан.

 «Жастар саясаты басқармасымен бірге жобаға байланысты қаламызда әртүрлі тазалық шараларын өткізудеміз. Волонтерлермен бірге барлық сенбілікте қатысамыз. Жұмысымызды байқап, іс-шара ұйымдастырып, марапаттап жатыр, алғыс айтамыз», – деді ерікті Дулат Нәбиев.

«Интеллектуалды ойындар ұйымдастырып, жас суретшілер мурал салдық. Базарда жұмыс істеп жүрген жастарға барып КТК өткіздік. Акция аясында 100-ден астам аула тазаланды. Волонтерларды оқыту курстарын және Jastar talks 11 бағытта спикерлармен өзекті тақырыпта ой бөлістік», – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Оқи отырыңыз: Alma Love: Алматыда әлеуметтік жобалар көрмесі өтті

Новости партнеров