Шымкенттегі Бадам өзеніне 15 жастағы жасөспірім батып кетті

Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі Бадам өзенінде тағы да қайғылы жағдай. Бұл жолы 15 жастағы жасөспірім ағын суға батып, мерт болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кету керек, небәрі үш апта бұрын дәл осы маңнан 22 жастағы жігіттің  денесі табылған. Тексеру барысында екі марқұмның да рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі аталған аумақта 15 ескерту тақтайшасы орнатылғанын айтты. Соған қарамастан, мұнда суға түсетіндердің қатары азаймай отыр.

«Қаламызда 3 рұқсат етілген шомылу орны бар. Атап айтсақ, Ахат-Бадам, «Райский пляж» демалыс орны, сонымен қатар Қошқар ата өзенінің бастауы. Одан басқа су айдындарында қалада шомылуға рұқсат етілмеген, 220 тақтайша орнатылған», – деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Дархан Райханов.

Оқи отырыңыз: Түркістанда рұқсатсыз бой көтерген 562 нысан анықталды

Новости партнеров