Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді

16.03.2026 11:16
пресс-служба акима Алматы

Алматыда көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап Назарбаев даңғылының әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде жолдағы құдық қақпақтарын көтеру жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты 3 күн қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері қойылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деді басқарма өкілдері.

Оқи отырыңыз: 24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды