Алматылық спортшылар 19-27 ақпан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлде иеленді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Басқарманың хабарлауынша, кадет қыздар арасындағы шпагадан командалық жарыста алматылық Полина Лесовская, Сабина Серикова және Дарья Самоделкина үшінші орын иеленді.
Спорт басқармасының мамандары спортшылардың жоғары дайындық деңгейін, техникалық шеберлігін және тактикалық сауаттылығын ерекше атап өтті. Командалық үйлесімді ойын алматылық шпагашыларға құрлық біріншілігінің жүлде тұғырынан көрінуге мүмкіндік берді.
Оқи отырыңыз: 2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды