Алматы спортшылары стенд атудан әлем чемпионы атанды
Фото: Федерация пулевой стрельбы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қыздар арасындағы «трап» жаттығуында қазақстандық команда 337 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетіп, чемпиондық тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Әлем чемпионы атанған құраманың сапында алматылық спортшылар Элеонора Ибрагимова мен Мария Горун, сондай-ақ шымкенттік Милана Папчихина өнер көрсетті.
Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бұл жарыста 13 мерген қорғайды.
Оқи отырыңыз: Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59