Алматының Медеу ауданында №2 мамандандырылған балалар үйі ашылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғимарат толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сәйкес келтірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың 18 қыркүйегінде, Алматы қаласының мерейтойы қарсаңында, Медеу ауданында орналасқан «№2 Мамандандырылған балалар үйі» күрделі жөндеуден кейін өз есігін қайта ашты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ғимарат толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сәйкес келтірілді. Балалардың жайлы өмір сүруіне, қауіпсіз ортада өсуіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме жаңа жиһаздармен жабдықталды.

Мекенжайы: Сапар Байжанов көшесі, 107/5. Жобалық қуаттылығы: 60 бала

Бұл әлеуметтік жоба — қамқорлық пен ізгіліктің айқын көрінісі. Мемлекет пен қоғамның ортақ мақсаты – балалардың жарқын болашағына жағдай жасап, олардың тәрбиесі мен біліміне қолдау көрсету.

Алматы қаласында осындай маңызды бастамалар жалғасын тауып, балалардың игілігіне қызмет ете береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа "Жанұя" кешені ашылды

Новости партнеров