Бұл туралы Медеу аудандық AMANAT партиясы ұйымдастырған мониторинг барысында белгілі болды
Алматыда 15 шақырым магистральды кәріз желілері ауыстырылды. Бұл туралы Медеу аудандық AMANAT партиясы ұйымдастырған мониторинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Жергілікті әкімдік пен тұрғындар жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерді аралап, мердігерлерге қатысты туындаған сұрақтарды талқылады.
Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде басталған жоба нәтижесінде бүгінде инфрақұрылым түгелдей жаңартылған. Енді жол жабынын қалпына келтіру ғана қалыпты. Шаруа жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
"Қазіргі уақытта толықтай кәріз желісі салынып бітті. Жобада абоненттік желілермен бірге . Енді ішкі асфальт жасау және көшеге асфальт салу жұмыстары қалды. Шамамен 20 қарашада толықтай бітетін болады", - деді Медеу аудандық инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Көбейген Сейітжанов.
Оқи отырыңыз: Ұлттық жоба: солтүстік өңірге қоныс аударушылар үшін 7 мың квота бөлінді