Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасы қаралады
Алматыда 2025 жылы қаланың басты табиғи нысандарының бірі болып табылатын Баум тоғайын абаттандыру жобасын іске асыру жоспарланған. Тоғайдың ауданы 137,7 га құрайды, ол Түрксіб ауданында Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның мақсаты-тоғайды экологиялық маңызы бар аумақ ретінде жаңғырту, тұрғындар арасында эко-сананы дәріптеу. Тәсілдің ерекшелігі-тоғайдың табиғи компонентіне минималды араласу.
Аумақта шағын архитектуралық формалар пайда болады: орындықтар, беседкалар, урналар, сондай-ақ балалар ойындары мен спортқа арналған жабдықтар. Көгалдандыру кезінде эрозияны болдырмау және жер жұмыстарын азайту үшін табиғи рельеф пен жер жамылғысы сақталады.
Баум тоғайы үш аймаққа бөлінеді:
Бүкіл жоба үш негізгі қағидаға негізделген: қалпына келтіру, эко-аймақтарға бөлу және қауіпсіздік. Абаттандыруды жүзеге асыру тоғайды қала тұрғындары үшін заманауи, экологиялық және жайлы демалыс аймағына айналдыруға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Реновация бағдарламасы: Алматыда 700-ге жуық ескі үйдің тұрғындары қоныс тойын тойлайды