Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық топтың жылдық қорытындысы отырысы өтті
Елдегі ата-аналардың 80 пайызы балаларының ұялы телефонын қадағаламайды. Әрі олар кейінгі буынның күмәнді сайттарда отыратынынан бейхабар. Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық топтың жылдық қорытынды отырысында осындай мәлімет айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы биыл сала мамандары аталған бағытта 70 мың адамды қамтыған 600-ден астам іс-шара өткізген екен. Қоғамда белең алып жатқан өзекті мәселенің қаупін жою үшін бүгін дөңгелек үстел үстінде түрлі сала өкілдері жиналып, ұсыныстарын алға салды.
Отырыста теріс ағымдардың ықпалына жиі түсетін жасөспірімдер мен балаларды қорғау үшін жасалатын жұмысқа баса назар аударылып, келер жылдың жоспарлары талқыланды.
Іс-шараның соңы діни құндылықтарды насихаттауға атсалысқан мамандарға алғысхат пен марапат тапсыруға ұласты.
"Бүгін негізгі ұсыныстардың көбісі жастардың арасында ақпараттық талдау жұмысын өткізуге сондай ұсыныстар жасады. Негізінде біз оны жасап жатырмыз. Бірақ болашақта оны ұлғайту үшін ұсыныс жасалды. Балалардан бөлек, ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз", - деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2025 жылы Баум тоғайын абаттандыру жоспарланып отыр