Барлық жаңа нысан клиникалық-диагностикалық орталықтармен жабдықталады
Алматы қаласының әр ауданында тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның айтуынша, алматылықтардың денсаулығын қорғау – қала әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта 2030 жылға дейін мегаполисте 32 жаңа және 14 ескі медициналық нысанды жаңғыртуды қамтитын 46 денсаулық сақтау мекемесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Барлық жаңа нысан заманауи стандарттарға сай салынып, клиникалық-диагностикалық орталықтармен жабдықталады. Бұл медициналық қызметтердің әр тұрғынға қадамдық қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Қазірдің өзінде қалада 8 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында:
Сонымен қатар үш нысанда сейсмикалық күшейту және қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр — №16 емхана мен №4 және №7 қалалық клиникалық ауруханаларда. Оларды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Келесі жылы тағы 30 нысанның құрылысы басталады. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
2026 жылға арналған жоспар:
Бағдарлама нәтижесінде Алматыда заманауи, ыңғайлы әрі теңгерімді ауруханалар мен емханалар жүйесі қалыптасады. Бұл өз кезегінде медициналық көмекті барлық тұрғындарға қолжетімді әрі жайлы етеді.
«Біздің мақсат – әр тұрғын өз үйінің жанында сапалы медициналық көмек ала алатындай жағдай жасау. Барлық жобалар қолайлылық пен заманауи қызмет көрсетуге бағытталған», - деді қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.
Оқи отырыңыз: Мектеп, балабақша және колледж: биыл Алматыда 24 білім нысаны салынды