Алматыда «Береке Fest» аясында Абай облысынан 150 тонна ет өнімдері әкелінеді

Depositphotos
Depositphotos

Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру, отандық өндірушілерді қолдау және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету

Жаңалықтармен бөлісіңіз

11–12 қазан күндері Алматыда «Береке Fest» республикалық бастамасы аясында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған қала кәсіпорындары және Абай облысының фермерлері қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру, отандық өндірушілерді қолдау және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету.

Жәрмеңке – бастаманың негізгі іс-шарасының бірі. Алматылықтар делдалсыз, тікелей фермерлерден жаңа өнім сатып ала алады. 

Жәрмеңкеде көкөніс пен жеміс-жидек, сүт өнімдері, шұжық, жарма, ұн және май түрлері сындв 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады.

Сонымен қатар, Абай облысынан 150 тонна ет жеткізіледі. Жалпы көлемі 370 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады, оның ішінде 60 тонна сүт өнімі, 50 тонна көкөніс-жеміс, 30 тонна балық және 80 тонна өзге де тауарлар бар.

Жәрмеңке 11-12 қазан күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан мен Панфилов көшелерінің арасындағы аумақта өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықты тұмауға қарсы вакцинациялау жалғасуда

Новости партнеров