Алматыда бизнеске бірыңғай есеп беру күні өтеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Есеп берудің мақсаты – бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында жүзеге асатын шараларды түсіндіру мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қызметті ұйымдастыру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бизнеске бірыңғай есеп беру күні өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылдың 26 қыркүйегі Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қалалық бақылау-қадағалау органдары 2024 жылдың 1 қаңтары және 1 тамызы аралығында атқарылған жұмыс туралы ақпаратпен бөліседі.

«Бірыңғай есеп беру күнінде» бизнес жайлы талқыланды. Есеп берудің мақсаты – бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында жүзеге асатын шараларды түсіндіру мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қызметті ұйымдастыру.

Шараға кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, сондай-ақ қаланың прокуратура органдарының мамандары қатысады.

Оқи отырыңыз: Алматылық төтеншеліктер пешпен жылытылатын үйлерді аралайды

Новости партнеров