Алматыда еріктілер «Бір тамшы қан – бір өмір» қайырымдылық акциясын өткізді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараның басты мақсаты – донорлық мәдениетті дамыту, ерікті түрде қан тапсыруды насихаттау және адам өмірін сақтауға үлес қосу

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданынының комьюнити орталығында «Qamqor Charity» қоғамдық қоры Республикалық қан орталығымен бірлесіп «Бір тамшы қан – бір өмір» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның басты мақсаты – донорлық мәдениетті дамыту, ерікті түрде қан тапсыруды насихаттау және адам өмірін сақтауға үлес қосу.

Акцияға қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер, қала тұрғындары және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Соның нәтижесінде 200-ден астам донор өз еркімен қан тапсырып, науқастардың сауығып кетуіне үлес қосты.

«Бұл акцияның басты құндылығы – қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру. Әрбір тамшы қан адам өмірін құтқара алады. Еріктілер мен белсенді азаматтардың мұндай бастамаларға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі мен өзара қолдаудың айқын көрінісі. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, мұқтаж жандарға үміт сыйлауды жалғастырамыз», – деді «Qamqor Charity» қорының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акциялар алдағы уақытта да жалғасып, Алматы жастары арасында донорлық мәдениетті дамытуға серпін бермек.

Оқи отырыңыз: Алматыда Наурызбай ауданындағы 20 көшеде жаңа арықтар салынады

Новости партнеров