Жолдауда айтылған мәселе: сарапшылар ішкі және сыртқы көші-қон мәселесіне пікір білдірді

Саясаттанушы бірыңғай цифрлық жүйе енгізуді ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі және сыртқы көші-қон үдерісінің бақылаусыз қалуы жұрттың бәрі тұрғысы келетін ірі қалаларымыздың инфрақұрылымына орасан салмақ түсіріп отыр». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Жолдауында осылай деді. Президенттің пікірімен саясаттанушы Мақсат Жақау да келіседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саясаттанушы «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізсе, жағдай тұрақталады» дейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың өңірлерден ірі мегаполистерге не себепті тоқтаусыз көшіп жатқанына мұқият талдау жүргізіп, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тартымды басқа да орталықтар құруға арналған кешенді шаралар қабылдау керек екенін айтқан.

 «Білім, еңбек миграциясы облыстарда, аймақтарда мықтап қолға алынса, ешкім көшіп келмейді, білім іздеп келмейді. Аймақтарда әкімдіктер, менеджерлер, жергілікті инфрақұрылым, даму көрсеткіштері мықты болуы керек. Сондай жағдайда тепе-теңдік сақталады. Бұл – болашақ әлеуметтік күйзелістердің алдын алады деген сөз», – деді саясаттанушы Мақсат Жақау.

Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Президенттің бизнес иелерін қолдау жөніндегі бастамасы көңілге қуаныш ұялатқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев заңды күрделендіре бермей, керісінше оны кәсіпкерлердің қажетіне қарай бейімдеу керек екенін айтқан.

Айта кетейік, тек Алматының өзінде 450 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар.

 «Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселе тегіннен тегін туындамайды. Біздің кәсіпкерлер «өрт сөндіру, салықшылар қайдан кеп қалады» деп алаңдап отырмауы керек қой. Сондықтан осы мәселе жөнінде Мемлекет басшысы өз аузымен айтқан заңсыз тексерулерді азайту, серпіліс болды», – деді  «Атамекен» ҰКП қалалық филиалы директорының орынбасары Мейрамбек Қаныбеков.

Оқи отырыңыз: Жолдауда айтылған мәселе: баға тұрақсыздығын шешуде үздік әлемдік тәжірибені ескеру керек

Новости партнеров