Жобаның мақсаты - заманауи, ыңғайлы әрі үйлесімді демалыс аймағын құру әрі суға шомылып, жағалау бойымен еркін тыныстау
Алматыда Әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені бойындағы аумақты көріктендіру, оның ішінде жағалауды көркейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Құжат 2025 жылы шілдеде мемлекеттік сараптамадан өтпек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба бойынша 43,2 гектар аумақ көркейтіледі, қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 7,22 шақырымдық аймақ көріктендірілген. Жобаның мақсаты - заманауи, ыңғайлы әрі үйлесімді демалыс аймағын құру әрі суға шомылып, жағалау бойымен еркін тыныстау. Түрленген жағалау тұрғындар мен қонақтар үшін табиғи және қалалық ландшафттың бір бөлігіне әрі тартымды демалыс орнына айналады.
Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі - функционалды аймақтарға бөлу. Яғни, өзен бойымен жеті бірегей кеңістікті құру жоспарланған, олардың әрқайсысының өзіндік тұжырымдамасы болады:
Жоба аясында белсенді демалыс орындары мен спорттық іс-шаралардан бастап, еркін серуендейтін, кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізетін түрлі қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр.
Жобаның орындалу барысы алдағы уақытта тағы да хабарланады.
Оқи отырыңыз: Елімізде 500-ге жуық медициналық нысан бой көтерген