Алматыда "Француз үйі" атауын құрылыс компаниясының заңсыз пайдаланғаны анықталды

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

ЖШС-нің талап арызы бойынша бұл атаумен жылжымайтын мүлікті сатуға тыйым салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының Қарағайлы ықшамауданында орналасқан АКХ "Чапаева", уч. 426, 504 мекенжайындағы тұрғын үй кешенін бұзу туралы хабарламасына қосымша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында тапсырыс беруші (жеке тұлға) тұрғын үй кешенін СЖТ-сыз, эскиздік жобаны келіспей, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз және сараптамасыз салып жатқандығы анықталды. Осыған байланысты тапсырыс берушіге әкімшілік шаралар қолданылып, кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзу туралы талап арыз жолданды.

"2023 жылдың 26 шілдесінде Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 26 қазанында Алматы қалалық соты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылдың 30 қаңтарында атқару парағы Алматы қаласының Әділет департаментіне жолданып, атқарушылық іс жүргізу қозғалды", - делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар "Француз үйі" атауы құрылыс салушы тарапынан заңсыз пайдаланылған. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылдың 29 сәуіріндегі шешімімен "Француз үйі" тауар белгісінің иесі саналатын "Французский Дом BSB" ЖШС-нің талап арызы бойынша бұл атаумен жылжымайтын мүлікті сатуына тыйым салынды. Сондай-ақ компанияға "Француз үйі" тауар белгісін тұрғын үй кешенінің атауынан, бланктерден, сайттардан, интернет-ресурстардан және "ЖШС Қарағайлы Құрылыс" ЖШС-ға тиесілі басқа да құжаттамадан алып тастау міндеттелді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қай автобустың жол жүру уақыты қысқарады

Новости партнеров