Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алған болатын.
Қалалық мобилділік басқармасы Түрксіб ауданының Айша бибі шағынауданы мен Ынтымақ ауылының тұрғындары үшін жол жүру уақытын қысқарту мақсатында №215 автобус маршрутын екі бағытқа бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бағыттар былай бөлінді:
№93: «Адем» СҮ» – Айша бибі ш/а.» бағыты. Күнделікті 12 автобус шығады, жоспарлы аралық – 14 минут. Қызмет көрсету «Думан Транс Сом 2019» ЖШС берілген.
№215: «Алматы-1» Т/Ж вокзалы – Ынтымақ ауылы» бағыты. Күнделікті 12 автобус шығады, жоспарлы аралық – 11 минут. Қызмет көрсету «Олжас LTD» ЖШС берілген.
Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алған болатын. Жыл басынан бері ҚМБ 18 қала маңындағы және 3 қалалық маршрут ұйымдастырды.
Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күні: "Мәңгілік ел әуендері" байқауы мәресіне жетті