Алматыда қонақ үй инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды

19.10.2026 15:13

Жиын соңында қала әкімі тиісті басқармаларға инвесторлар алдындағы әкімшілік кедергілерді жедел жоюды тапсырды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кеңейтілген аппараттық кеңесте қаланың қонақ үй инфрақұрылымын дамыту мен аудандардағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Туризм – қала экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Жаңа стадион салып, әуежайды жаңғыртып, тау кластерін дамытумен қатар, қонақ үйлердегі бөлме санын арттыруымыз қажет.  Қазір қаладағы қонақ үйлерде 14 077 нөмір бар. Бұл көрсеткіш Ереван, Баку, Ташкентпен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Биыл 27 орналастыру нысаны ашылды, жыл соңына дейін тағы 580 нөмірлік 7 нысанды іске қосу жоспарланған",  - деді қала әкімі.

Айта кетейік, қонақ үй саласында 91 жоба қолға алынды, оның 14-і – бес жұлдызды қонақ үй.

Жиын соңында қала әкімі тиісті басқармаларға инвесторлар алдындағы әкімшілік кедергілерді жедел жоюды тапсырды. Сондай-ақ аудан әкімдерінің инженерлік инфрақұрылым бойынша есебін тыңдап, апаттық жұмыстар кезінде қазылған учаскелерді ай соңына дейін қалпына келтіруді жүктелды.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар жұмыстан кейін медициналық тексеруден өте алады

Толық көрсету