Алматыда қай жерде шомылуға тыйым салынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда шомылу маусымы басталғалы екі адам суға кетіп, ажал құшты. Оның бірі – жасөспірім. Жалпы қалада 44 су айдыны болса, соның тоғызы аса қауіпті саналады. Осыған байланысты төтеншеліктер арнайы рейд жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын күшейткен. Қай жерде шомылуға рұқсат етілмеген? Сақтық талаптары қалай сақталуы тиіс? Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов жауап береді.

– Есбол Мирасұлы, тыйым салынған су тоғандары қай аймақтарда орналасқан?

«Алматы қаласында және тау бөктерінде 44 су айдыны бар. Солардың тоғызы шомылу маусымы кезінде Алматы қаласы тұрғындарына қауіп төндіреді. 

Айта кетсек, Алатау ауданында Үлкен Алматы өзені, Шаңырақ және Дархан ықшамаудандарында. Алмалы, Әуезов аудандарында Сайран көлі. Бостандық ауданында Үлкен Алматы өзені. Жетісу ауданында Первомай тоғандары. Медеу ауданында Кіші Алматы өзені. Түрксіб ауданында Аэропорт көлі және Қарасу өзенінің сағалары. Алматы қаласы әкімінің үкімі бойынша төрт шомылуға рұқсат етідген орындар анықталған. Оның Әуезов және Алмалы аудандарында Сайран көлінің шығыс және батыс жағалаулары, Төле би көшесінен 200-300 метр қашықтықта және де Роща Баум тоғайы және Гүлдер Үлкен Алматы каналы бойынша ағып жатқан сол жерлер суға рұқсат етілген орындар болып саналады. Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы қаласында Сайран көлінде екі оқыс оқиға тіркелді. Оның біреуі – жасөспірім бала. Әдетте ондай жағдай өзінің күшіне сеніп суға түскенде, ішімдік ішкенде, кішкентай бүлдіршіндерді ата-анасы қараусыз қалдырған кезде орын алды. Түнгі уақытта суға түсуге болмайды».

– Есбол Мирасұлы. Ал шомылуға тыйым салынған жерлерде бақылау қалай жүргізіледі? Арнайы рейдт ұйымдастырыла ма?Нәтиже бар ма?  

«Жаңа айтып кеткендей, 9 рұқсат етілмеген, қауіп төндіретін су айдындарында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен, Ұлттық Ұлан әскери бөлімдерімен, Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерімен, еріктілермен, құтқарушылармен бірлесіп, күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарды 412 бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық көдексі арқылы 7 айлық есептік көрсеткішпен жауапкершілікке тартылады. Тыйым салынған орындарда зияткерлік видеокамералар орнатылған. Алматы қаласының ТЖД Алматы қаласының халқы мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Соның ішінде, алкагольдік ішімдік ішіп суға түсуге тыйым салынады. Суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылмаңыздар. 

Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ түнгі мезетте суға түсуге тыйым салынғанын еске салайын»

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында 116 шақырымдық жаңа желі салынып жатыр

Новости партнеров