Алматыда жаңажылдық костюммен жүгіру жарысы өтеді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Іс-шара Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылы 28 желтоқсанда  Алатау ауданындағы Almaty Arena кешенінің маңында жаңа жылдық костюмді Minimarathon.Kz жүгіру жарысы бесінші рет өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, Жаңа жыл алдындағы ең жарқын спорттық оқиғалардың біріне айналады.

Дәстүрлі мерекелік жүгіру жарысы белсенді өмір салтын ұстанатын жандарды, кәсіби спортшыларды және бүкіл отбасыны біріктіреді. Қатысушылар 2026 метрлік символдық қашықтықты еңсеріп, карнавалды костюм киіп, жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алады.

Жарыс инклюзивті сипатқа ие. Оған әртүрлі жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ оңалту орталықтардың тәрбиеленушілері де қатысады. Мұндай бастамалар отбасылық және бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге, сондай-ақ алматылықтар арасындағы бірлік рухын нығайтуға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматыда аттарды қысқы кезеңге орналастыру мәселесі шешілді

Новости партнеров