Алматыда аттарды қысқы кезеңге орналастыру мәселесі шешілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Иппотерапия өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі атпен жүру және иппотерапияға пайдаланылатын жылқыларды жылы қысқы атқораға орналастыруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тиісті өтініштер түскеннен кейін қала әкімшілігі сәйгүліктерді орналастыру мәселесін жедел түрде шешті. Аттар жылы орындарға көшіріліп, қажетті жағдай жасалып, тұрақты бақылауға алынды. 

Сондай-ақ қала әкімдігі спорттық және оңалту бағдарламаларына қатысатын жануарларды күтіп-бағу жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.

Иппотерапия өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

«Қала әкімдігінің жедел көмегінің арқасында аттарымыз қауіпсіз жерге орналастырылды. Ары қарай да балалар мен емделушілерге арналған сабақтарымызды жалғастыра аламыз», — деді иппотерапия маманы Елена Сосновская.

Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағындағы жұмысшылар марапатталды

Новости партнеров