Алматыда «Мөлдір бұлақ» аясында жағалау аумақтары тазартылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өзен жағалаулары мен арналары тазартылып, оған іргелес аумақтар ретке келтірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жетісу ауданында «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында тұрғындарды, еріктілерді және қалалық қызмет өкілдерін біріктірген сенбілік өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенбілік Палладин және Тәттібеков көшелерінде жүргізілді. Тазалық жұмыстарына тұрғындар, кәсіпкерлер, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен қалалық басқарма өкілдері қатысты. Сондай-ақ, аудандық Ардагерлер кеңесі өкілдері де белсенділік танытты.

Өзен жағалаулары мен арналары тазартылып, оған іргелес аумақтар ретке келтірілді.

Сенбілікке 30 бірлік арнайы техника, оның ішінде жүк көлігі мен тиегіштер жұмылдырылды. Шамамен 30 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы акция қатысушыларына алғыс білдіріп, тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалады.

«Апта сайын өтетін «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Палладин және Тәттібеков көшелері маңындағы өзен арналары тазартылды. Жақын маңдағы үйлердің мыңға жуық тұрғыны, коммуналдық қызметкерлер мен әкімдік құрылымдарының өкілдері сенбілікке қатысты. Дәстүрлі түрде бастамаларымызды қолдап жүрген еріктілер мен аға буын өкілдеріне алғыс білдіреміз. Қала тазалығын сақтау мен тәртіпті нығайтуға бағытталған осындай акцияларға атсалысу үшін тұрғындарды әлеуметтік желілерімізді қадағалап, белсенді қатысуға шақырамыз», – деді ол.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қарасу, Боралдай және Үлкен Алматы каналы аумағы тазартылды

Новости партнеров