Алматыда өрттен зардап шеккен Ұлы Отан соғысы ардагерінің пәтері қалпына келтірілді

Жөндеу жұмыстары Жеңіс күні қарсаңында аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жетісу ауданында өрттен зардап шеккен Ұлы Отан соғысы ардагерінің пәтері толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды  Almaty.tv.  

Наурыз айындағы оқыс оқиғадан кейін Илья Кудиннің баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Аудан әкімдігінің үйлестіруімен және демеушілердің қолдауымен қысқа мерзім ішінде жөндеу жұмыстары басталған. Мамандар алдымен пәтерді толық тазартып, кейін қабырға, еден, төбе жабындарын жаңартқан. Сонымен қатар барлық қажетті инженерлік коммуникациялар қалпына келтіріліпті. Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, ¤баспана ардагердің қайта оралуына толық дайын.

«Жөндеу жұмыстары жасалды. Терезелерінің барлығы алынды. Бүкіл сантехника ауыстырылды. Қала әкімі тікелей бақылап отырды. Іс басталған кезде Жеңіс күніне  орай ертерек бітіруге тырыстық», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сабырұлы.

Жөндеу жұмыстары Жеңіс күні қарсаңында аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – майдангерге көрсетілген жай ғана тұрмыстық көмек емес, ел қорғаған ардагерге деген құрметтің белгісі. Илья Кудин – сұрапыл соғыс жылдарының куәгері, бейбіт өмір үшін күрескен аға буын өкілі. Сондықтан оның қауіпсіз әрі жайлы үйге оралуы қоғам үшін де маңызды оқиға болып тұр.

«Мен үйімді дәл осылай жақсы қылып жөндеп береді деп күтпедім. Өрттен кейін қатты уайымдадым, бірақ әкімдік пен демеушілер қолдау көрсетіп, пәтерімді қайта қалпына келтіріп берді. Барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Өрт болған күні мені көршім құтқарып қалды, оған да ерекше рақмет. Енді үйге қажетті ұсақ-түйек заттарды зейнетақыма алып, ақырындап орнығып аламын», – деді ҰОС ардагері Илья Кудин.

Оқи отырыңыз: Алматыда болашақ офицерлер шеруі өтті

 

 

 

 

Новости партнеров